Қызылжар жалпы орта білім беретін мектебінің ресми сайтына қош келдіңіз!

Қызылжар жалпы орта білім беретін мектебі

«Ақтөбе облысының білім басқармасы Темір ауданының білім бөлімі» мекемесінің

«Қызылжар жалпы орта білім беретін мектебі» (мектеп жанындағы интернаты) коммуналдық мемлекеттік мекемесі Темір ауданы Шұбарқұдық кенті Қызылжар 156 мекен-жайында орналасқан.

Мектебіміз 2020 жылы салынып, 2021 жылдың 1-наурызында қолданысқа берілді. Жалпы ауданы-5669.6 ш/м. Мектеп сыйымдылығы 320 орын,  мектеп жанындағы интернат ғимараты — 60 балаға жабдықталған. Қазіргі таңда Қызылжар мектебінде- 565 білім алушы, оның ішінде мектеп алды даярлықта-51 білім алушы білім алуда. 

«Қызылжар жалпы орта білім беретін мектебі» (мектеп жанындағы интернаты) КММ-де педагогтер саны – 72, оның ішінде тиісті бейіні бойынша жоғары педагогикалық білімі бар педагогтер – 70, арнаулы орта-2, қайта даярлау курсынан өткен педагогтер жоқ. Сапалық құрамы жағынан: педагог зерттеуші – 6, педагог сарапшы – 13, педагог модератор – 27, санаты жоқ – 6.

2021 жылдан бастап мектеп директоры қызметін Кулунтаев Ақылбек Қазақбаевич атқарып келеді.